Жаңалықтар

Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды

Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды

10 кандидат Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді. Ал үміткерлерді тіркеу, қол жинау 21 қазанға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев – Халықтық коалиция атынан; Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан; Мейрам Қажыкен – «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан; Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан; Нұржан Әлтаев – «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі атынан; Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлердің ұлттық альянсы» атынан; Жұматай Әлиев – «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан; Талғат Ерғалиев – «Қазақстан құрылысшылар одағы» атынан; Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі атынан; Хайролла Ғабжалилов – «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» атынан 10 кандидат Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді.