Жаңалықтар

Қазақстан президенттігіне әйел үміткер ұсынылды

Қазақстан президенттігіне әйел үміткер ұсынылды

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден Кәсіби әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсы атынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Jambylinfo Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап,. 2022 жылдың 7 қазанында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті. Шара барысында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ҮЕҰ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және ілгерілету, сондай-ақ республикалық деңгейде азаматтардың осал топтарының мәселелерін айту және мүдделерін қорғау мақсатында Әбден Қарақат Жақсылыққызы Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауына Президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. 48 жастағы Әбден Қарақат Жақсылыққызы – 4 баланың анасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. Қазақстан Республикасы Ақмола облысының тумасы.