Жаңалықтар
Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа застава салып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 17 тамыз, 2023
- 209
Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа застава салып жатыр
ҰҚК Шекара қызметі шекара күзеті департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа шекара заставасын салып жатқанын мәлім етті.
Ол "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы аясында 50 застава салу жоспарланып отырғанын атап өтті.
"Қазір Ресей Федерациясымен тікелей шекарада солтүстік бағытта 20 шекара бөлімшесінің құрылысы жүріп жатыр. Оңтүстік шекараларда үш модульдік застава салынуда. Еліміздің оңтүстік-батысында соңғы бес жылда модульдік типтегі 15 шекара заставасы пайдалануға берілді", - деді ол.Айта кетейік, бұған дейін Ахметқалиев Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаевтың елден қашуына Қазақстан жерінің кеңдігімен түсіндірген болатын. Дереккөз: Ұлыс медиа порталынан
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз