Жаңалықтар

Қазақстан шахтасындағы өрт: Апат орнындағы ахуал қалай

Қазақстан шахтасындағы өрт: Апат орнындағы ахуал қалай

22 тамызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан шахтасындағы өрт ошақтары әлі де сөнбеген, жағдай жақсарған жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады. Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда. Еске салсақ, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды. Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті. Шахтаның астында қалып қойған бесінші кеншінің денесі табылды. 18 тамыздағы жағдай бойынша медицина мекемелерінде өрттен зардап шеккен 11 кенші ем қабылдап жатты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім еткендей, «Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Ал, кеше шахтадағы өрт оқиғасын арнайы тергеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссия құрды.