жұма, 4 қазан, 2024 22:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: дәрігерлер шахтерлердің жағдайы туралы айтты

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: дәрігерлер шахтерлердің жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
«Қазақстан» шахтасындағы өрт: дәрігерлер шахтерлердің жағдайы туралы айтты

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен екі адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасында жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеншілерге алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану. Тағы екеуі Мақажанов емханасында. Алдын ала диагноз – көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейерлік таспа өртенгенін хабарлаған едік.

Сол кезде шахтада 227 адам болған. Олар қаптал ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылды. Оқиға орнында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының және Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Оқиға орнында Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.

Үш кеншінің тағдыры әзірге белгісіз болып тұр.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар