Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді – Үкімет
Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді – Үкімет
Мемлекет басшысы тапсырмасымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.