дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан "Спутник" вакцинасын өндіруді тоқтатты

Қазақстан "Спутник" вакцинасын өндіруді тоқтатты
ашық дереккөзі
Қазақстан "Спутник" вакцинасын өндіруді тоқтатты
Қазақстан бұдан былай «Спутник» вакцинасын өндірмейді. Ресейлік вакцинаны сатып алу да тоқтатылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов мәлім етті. «Қазір отандық ғалымдар ойлап тапқан QazVac вакцинасы қолданыста. Бұған дейін «Спутник» вакцинасын Қарағандыдағы зауытта өндіріске шығарған болатынбыз. Қазіргі уақытта бұл процесс тоқтады. Оған себеп, біздегі препарат көлемі жеткілікті деңгейде. Pfizer вакцинасы белгілі бір мақсатты топтарға арналады. Сол үшін бұл компаниямен келісімшарт алдағы уақытта жалғасады. Ал министрлік ресейлік «Спутник» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл геосаяси жағдайға байланысты емес екенін айта кетейін», − дейді Бауыржан Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында. Департамент басшысының сөзінше, қазіргі уақытта халықты вакцинациялау үшін екпе пунктерінде қалған вакцинаның көлемі − 1,6 миллион доза. Бұл препараттардың жарамдылық мерзімі қазан айында аяқталады. Оған дейін QazVac, Sinopharm және Pfizer қоры қайта толықтырылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар