Жаңалықтар

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын емес

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын емес

"Бүгінгі таңда су тасқыны кезеңіне толық дайынбыз деп айта алмаймын. 255 елдімекенді су басу қаупі бар, бұл 127 мыңнан астам үй мен 700 мыңнан астам азаматқа қауіп төндіруі мүмкін. Өткен жылғы су тасқынына жүргізілген талдау нәтижелері оның негізгі себептері – өзен арналарының шамадан тыс лайлануы, дренаждық жүйелердің жоқтығы, су қорғау белдеулеріне үйлердің салынуы екенін көрсетті", – деді Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Оның сөзінше, су басу қаупі жоғары өңірлерге: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары кіреді.