Жаңалықтар

Қазақстан тұрғын үй бағасы ең төмен 10 елдің қатарында

Қазақстан тұрғын үй бағасы ең төмен 10 елдің қатарында

Елімізде және әлемде бағаның едәуір өсуіне қарамастан, Қазақстандағы тұрғын үй әлі де айтарлықтай арзан болып отыр. Numbeo мәліметтері бойынша, қала орталығындағы тұрғын үй құны бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан бағасы ең төмен 10 елдің қатарына кірді, деп хабарлайды Finprom.kz сайты. Елімізде қала орталығындағы тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 927,2 АҚШ доллары болады. Бұл – рейтингідегі 106 елдің ішінде 10-орын. ҚР-дан басқа ТМД-ның бірде-бір елі бағасы төмен 10 елдің қатарына кірмеген. Сектор бойынша үздік үштікке Пәкістан (бір шаршы метрі 585 АҚШ доллары), Египет (618,2 АҚШ доллары) және Венесуэла (672,1 АҚШ доллары) кірді. ТМД-ның өзге елдері арасында Қазақстаннан басқа Молдовада (шаршы метрі 1047,9 АҚШ доллары) және Өзбекстанда (1083,4 АҚШ доллары) баға неғұрлым арзандау. Екі елде де халықтың табысы ҚР-ға қарағанда айтарлықтай төмен. Қазақстанға қарағанда Украинада (шаршы метрі 1181,9 АҚШ доллары), Әзербайжанда (1306,6 АҚШ доллары), Беларусьте (1629,1 АҚШ АҚШ доллары), Арменияда (2228,1 АҚШ доллары) және Ресейде (шаршы метрі 3258,2 АҚШ доллары және 106-дан бірден 76-орында) тұрғын үй қымбат. Шаршы метрі ең қымбат және тұрғын үйдің бағасы ең жоғары елдер – Гонконг, Сингапур және Оңтүстік Корея.