Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.
Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек, қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар. Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.