Жаңалықтар
Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын
- авторjambylinfo.kz
- 16 наурыз, 2023
- 321
Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын
Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ақордаға сілтеме жасап.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.
Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жолшылар Наурыз мейрамын тойлады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024