Жаңалықтар

Қазақстан таэквондодан тарихи жетістікке жетті.

Қазақстан таэквондодан тарихи жетістікке жетті.

Қазақстандық таэквондошы Жансель Дениз жаңартылған әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Мұндай жетістік қазақстандық таэквондо тарихында алғаш рет болып отыр. Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Дениз 139,81 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Полина Хан (107,94), үшінші орында оңтүстіккореялық Да Бин Ли (105,60) тұр.