жұма, 18 қазан, 2024 2:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады

Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады
ашық дереккөзі
Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады
Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан елде тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі тексеру жүргізеді. Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес тізімнен "Талибан қозғалысын" алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес," Талибан қозғалысы " БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді, - деді СІМ өкілі  Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.
Ал Қазақстан мен "Талибанның" арасындағы байланыс Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды негізінде жалғасатынын атап өтті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар