дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан тарихында алғаш рет: Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанды

Қазақстан тарихында алғаш рет: Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстан тарихында алғаш рет: Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді. Жекелей сында бұған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім ондыққа еніп көрген емес. Сондай-ақ Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады. Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр. Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай: 10. (+15). Елена Рыбакина – 2815 44 (+3). Юлия Путинцева – 1114 449 (+34). Жібек Құламбаева – 102 506(+79). Гөзал Айнитдинова – 82 543. (-73). Анна Данилина – 70 1182 (0). Аружан Сағындықова – 7. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның чемпион атана алмағанын жазған едік. Новак Джокович оныншы рет Аустралия чемпионы болды. Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды. Ал Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды.  width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар