Қазақстан террористік қатер деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз ел атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 қараша, 2025
- 298
Бұл көрсеткіш АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия және Испаниядан жоғары. Сондай-ақ Қазақстаннан кейін Ресей, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркия орналасқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанда соңғы терактілер 2016 жылы болған. Сол уақыттан бері күштік құрылымдар тоғыз жыл ішінде шамамен 40 шабуылдың алдын алды, оның ішінде биыл екі әрекет тіркелген.
Әлемдік деңгейде жағдай нашарлаған: терактілер 66 елде тіркеліп, Батыста олардың саны 63%-ға артты. Ұзақ тыныштықтан кейін шабуылдар Швеция, Австралия, Финляндия, Нидерланд, Дания және Швейцарияда қайта орын алған.
Еуропада ең нашар көрсеткіш Германияда – Мagdeburg жәрмеңкесіндегі шабуылдан кейін ел 27-орынға түсті. Ал ең қауіпті ондыққа Израиль мен Сирия енді.





