Қазақстан UNDOF миссиясына ресурспен қамтамасыз ету туралы меморандумды ратификациялады

Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында Голан биіктіктеріндегі БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурстар ұсыну туралы меморандумды ратификациялады. Құжат 2024 жылғы 14 ақпанда Нью-Йоркте жасалған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Меморандум Қазақстан контингентінің осы миссияға қатысуының әкімшілік, логистикалық және қаржылық шарттарын айқындайды. Онда әскер саны, олардың дайындығы, қажетті жабдықтар мен шығыс материалдарының өзін-өзі қамтамасыз ету талаптары көрсетілген. Сондай-ақ, БҰҰ Қазақстан Үкіметіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін белгіледі.
Құжат қазақстандық бітімгершілік күштерінің құқықтық мәртебесін де нақтылайды. Егер құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылықтар орын алса, Қазақстан контингентінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналына қатысты заңнамалық рәсімдер Қазақстан Үкіметінің айрықша юрисдикциясы аясында жүргізіледі.
Сонымен қатар, Мәжіліс 2024 жылғы 8 қараша мен 11 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған ілеспе келісімді де бекітті. Бұл құжат Қазақстан контингентіне төленетін БҰҰ қаражатының тәртібін, персонал мен жабдықтардың қамтамасыз етілуін реттейді.