Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Харбин-2025 Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 ақпан, 2025
- 162

Қазақстанның шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Жүлделі орын үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен сенімді жеңді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Матчтың алғашқы кезеңінде капитандардың бірі Малика Алдабергенова сан басымдығын ұтымды пайдаланып, есеп ашты. Екінші кезеңнің басында Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді, ал ойынның соңғы шайбасын Дария Молдабай соқты.
Турнир барысында Қазақстан құрамасы Гонконгты (12:0), Таиландты (9:0), Тайпейді (5:1), Қытайды (2:1) және Оңтүстік Кореяны (1:0) тізе бүктірді. Тек финалға дейінгі сатыда Жапонияға (0:4) жол берді.
Бұл – Қазақстан әйелдер хоккей құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі (3 алтын, 3 қола) және тұңғыш күміс медалі.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының тарихындағы ең ірі жеңістерінің бірі де осы Оңтүстік Кореяға қарсы тіркелген. 2003 жылғы қысқы Азия ойындарында біздің хоккейшілер корейлік қарсыластарын 19:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.