сейсенбі, 1 қазан, 2024 16:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Қытайға отандық агроөнім экспортын арттырады

Қазақстан Қытайға отандық агроөнім экспортын арттырады
ашық дереккөзі
Қазақстан Қытайға отандық агроөнім экспортын арттырады
Қазақстан Қытайға ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайтады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Мәлім етілгендей, Қытай үкіметі Шығыс Қазақстан облысының сапа инспекциясының зертханасына құны 11,15 млн юань болатын жабдықты тапсырады. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтың арқасында мүмкін болды. Тиісті келісімге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо қол қойған. «ҚХР стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру Қытайға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа, Қазақстан терең қайта өңдеу тауарларын, жемшөп пен қоспаларын, ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүдделі», - делінген АҚШ хабарламасында. 2022 жылдың жеті айында АӨК саласындағы Қазақстан-Қытай тауар айналымы 46,7% артып, 412,5 млн долларды құраған. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 62,2% - 280,4 млн долларға дейін артты. Қытайдан импорт 22,2% ұлғайып, 132,1 млн долларды құрады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар