Жаңалықтар

Қазақстан Қытай бағытына жаңа теміржол құрылысын бастады

Қазақстан Қытай бағытына жаңа теміржол құрылысын бастады

Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты. Үкімет ақпаратынша, Бақты – Аягөз теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 28 миллионнан 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, оңтүстіктегі өткізу бекеттеріндегі кептелістерді жоюға және қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік береді. Теміржол 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.