Жаңалықтар

Қазақстан Өзбекстанға «Сергек» жүйесін экспорттады

Қазақстан Өзбекстанға «Сергек» жүйесін экспорттады

«Сергек» жүйесі Өзбекстанның Наманган қаласында енгізілді. Зияткерлік жүйе көрші ел заңнамасы бойынша сертификаттаудан өтті. 25 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың 13 учаскесінде және облыс аудандарында жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын тіркейді. Еске салсақ, «Сергек» камералары Қазақстанның 8 қаласында: Астана, Өскемен, Алматы, Атырау, Шымкент, Семей, Тараз және Түркістан қалаларында орнатылды.