Жаңалықтар

Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен су бөлу туралы келісімдерге қол қояды

Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен су бөлу туралы келісімдерге қол қояды

Қазақстан үкіметі Өзбекстан және Қытаймен трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Министрдің айтуынша, географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі – трансшекаралық. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің (Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері) су шаруашылығы саясатына тәуелді.

Сондай-ақ, трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейту, сондай-ақ арнайы департамент құру жоспарланып отыр.