Жаңалықтар
Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатының жартылай финалында
- авторjambylinfo.kz
- 4 тамыз, 2022
- 212
Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатының жартылай финалында
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Чехияның Простеев қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда Словения құрамасымен күш сынасты.
Бірінші кездесуде Даниэль Тазабеков тағы да үмітті ақтады. Бастапқы партияда Свит Сульичке 4:6 есебімен есе жібергеніне қарамастан, жеңіске деген жігерін таныта білді.
Екінші сетте тай-брейкте қарсыласын тығырыққа тіреді – 7 :6 (8:6).
Үшінші, шешуші партияда Даниэль 4:1 есебімен алға шықты. Алтыншы геймде Сульич медициналық көмекке жүгінді.
Жас қазақстандық теннисші тізгінді уысынан шығарған жоқ – 6:2. Содан кейін қос құраманың көшбасшылары Заңғар Нұрланұлы мен Жига Шешко кортқа шықты.
Бірінші сет Заңғардың пайдасына шешілді – 6:4. Екінші партияда да ол шеберлігінің басым екендігін көрсетті – 6:3.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (капитаны Сергей Квак) өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала