сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 23:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 1 665 адам отандық «QazVac» вакцинасын салдырды

Қазақстанда 1 665 адам отандық «QazVac» вакцинасын салдырды
ашық дереккөзі
Қазақстанда 1 665 адам отандық «QazVac» вакцинасын салдырды
Қазақстанда 1 665 адам коронавирусқа қарсы отандық «QazVac» вакцинасын салдырды. «1 665 адам «QazVac» вакцинасын салдырды», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта. Естеріңізге сала кетсек, 22 cәуір күні Биологиялық қауіпсіздік мәмелелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген COVID-19-ға қарсы қазақстандық «QazVac» (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілген болатын. Вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына таратылып, одан әрі еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілген еді. Одан ары вакцинаның 6 мың дозасын Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, 4 мың дозасын Шымкент қаласы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары алды. Қалған өңірлерге 2 мың дозадан жеткізілді. Ал кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық «QazVac» вакцинасын тікелей эфирде салдырды. Айта кетейік, «QazVac» жасалуы жағынан белсенді емес өлтірілген вакцина қолданылады. Ол сақтау және тасымалдаудың арнайы температурасын қажет етпейді. Мұндағы режим екіден сегіз градусқа дейін ғана. Яғни, вакцинаны сақтау үшін қарапайым тұрмыстық тоңазытқышты қолдануға болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар