Жаңалықтар

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі атап өткендей, құжаттарды egov.kz арқылы 1 тамызға дейін тапсыруға болады. Құжаттар тізімі: ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші; баланың туу туралы куәлігі; медициналық анықтама, сонымен бірге баланың денсаулық паспорты; 3х4 фото (екі дана). Айта кетейік, жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала 1-сыныпқа барады деп күтілуде.