Жаңалықтар

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі 2-сынып оқушыларына оқытылмайды

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі 2-сынып оқушыларына оқытылмайды

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі 2-сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламасынан алынып тасталады. Зерттеулер бірінші сынып оқушысына үш тілді қатар меңгеру қиын екенін көрсетті. Яғни елімізде білім беру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілмек. Аталған құжат 24-ші сәуірге дейін қоғам талқылауында болады. Осылайша 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта «Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізіледі. Ал шет тілі төменгі сыныптарда мүлдем оқытылмайды.