Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
«Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады», - деді Тоқаев Абай облысында қаза тапқан орманшылардың туыстарымен кездесуінде.