Жаңалықтар

Қазақстанда 200 мыңнан аса шетелдік көлік заңдастырылды

Қазақстанда 200 мыңнан аса шетелдік көлік заңдастырылды

Елімізде 200 мыңнан аса шетелдік көлік есепке қойылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Жамбылинфо  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Шетелдік көліктерді заңдастыру биыл қаңтарда басталған.

Шетелдік автомобильдердің ең көп саны Алматыда (21 115) тіркелген. Кейінгі орында Ақтөбе облысы (20 876), Шымкент қаласы (15 145), Батыс Қазақстан облысы (14 204), Атырау облысы (14 197), Қызылорда облысы (13 695) тұр. Еске сала кетсек, 2023 жылғы 22 мамырдан бастап елімізде конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілген болатын. «Осылайша, бүгінде 14 297 конструктор-автокөлік заңдастырылды», - деді Қайсар Сұлтанбаев.