Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылдан бастап әскери қызметтің жаңа түрі пайда болады

Қазақстанда 2025 жылдан бастап әскери қызметтің жаңа түрі пайда болады

Бүгін Мәжілісте Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырған болатын. Жоба кәмелетке толған азаматтарға қатысты. Қызметке қабылдау ерікті түрде жүргізіледі. Іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтармен Қорғаныс министрлігі 3 жылға келісім-шарт жасасады. Соның негізінде олар ай сайын бөлімдерде қысқа мерзімді оқудан және ведомствоның бұйрығы бойынша 30 күндік жиындардан өтеді. Резервшілерге денсаулық жағдайы бойынша талаптар қойылады және жас шектеулері белгіленеді: офицерлер үшін – 60 жасқа дейін, сержанттар мен сарбаздар үшін – 18-ден 50 жасқа дейін. Резервшілерге қару-жарақ пен жауынгерлік техника бекітіледі. Олар тек өз облысының аумағында қызмет етеді.