Жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейін 1500 үйді бұзу жоспарлануда

Қазақстанда 2029 жылға дейін 1500 үйді бұзу жоспарлануда

Қазақстанда 2029 жылға дейін 1500 үйді бұзу жоспарлануда Қазақстанда 54 мың көппәтерлі тұрғын үй болса, оның 17 мыңы күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы сейсенбі, 7 ақпанда үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті. 2022 жылы республиканың 11 облысында 215 көпқабатты тұрғын үй жөнделді. Жалпы құны шамамен 11 миллиард теңгені құрады. Осының арқасында күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 32%-дан 31,1%-ға төмендеді. «2023 жылға Қызылорда және Түркістан облыстарындағы 73 үйге тиісті шығындар қолдау тапты. Сондай-ақ, 219 көпқабатты тұрғын үйді жаңғыртуға 7 облыстан жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге өтінім түскен. Қаржы бюджетті нақтылау аясында жарияланады», - деді Қарабаев.