Жаңалықтар

Қазақстанда 40 мың автокөлік ұрланған

Қазақстанда 40 мың автокөлік ұрланған

15 жылда елімізде 40 303 автокөлік ұрланған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында сенатор Ләззат Сүлеймен мәлім етті. «Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, ұрланған автокөліктердің 223-і ТМД елдерінде табылып, оның 66-сы елімізге қайтарылған (29,5%). Сондай-ақ, біздің елімізде осындай 233 автокөлік табылып, 84-і (36%) ТМД елдеріне қайтарылды», - деді сенатор. ның айтуынша, 2020 жылы елде ұрланған 2121 көліктің ішінен 547 ұрлық және айдап кету фактілері бойынша қылмыстық есепке қойылды, 412-сі иелеріне қайтарылды, ал қалған 1162-сі қаржы пирамидалары және алаяқтық бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында есепке қойылды («Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» және «тиімді қарыз беру»). Осы істер бойынша барлық автокөліктер сот шешімінен кейін қылмыстық есептен шығарылады.