Қазақстанда 42 градус аяз болады
Қазақстанда 42 градус аяз болады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағында 7-9 желтоқсан күндері болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Суық солтүстік-батыс антициклонының басып кіруімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі болжанып отыр. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.