Жаңалықтар
Қазақстанда 5 мыңнан астам дәрігер жетіспейді - депутат
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2023
- 267
Қазақстанда 5 мыңнан астам дәрігер жетіспейді - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов еліміздегі дәрігерлер тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Барша әлемде дәрігерлер тапшылығы тенденциясы бар және жақын арада мамандардың жетіспеуі 13 миллионнан асады. Бұл жағынан Қазақстан да тыс қалған жоқ, бүгінгі күні бізде де жоғары білікті медицина мамандарының тапшылығы байқалып отыр. Бұл мәселе кейінгі жылдары елімізде жиі көтеріліп келеді. Қазірдің өзінде жетіспейтін мамандардың саны 5 мыңнан асты. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне анестезиолог-реаниматологтар, жұқпалы аурулар, эпидемиологтар, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер өте қажет», - М. Магеррамов Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтың атына жолдаған сауалында.
Оның пікірінше, бұл жағдай мемлекеттік органдардың білім беру бағдарламаларын дайындау кезінде өзара келіспеуі немесе түсінбеуі нәтижесінде болып отыр.
Осы орайда ол Үкіметтен дәрігер дайындау мәселесіне ерекше назар аударуды сұрады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025