Жаңалықтар

Қазақстанда 532 дін қызметкеріне жалақы беріледі

Қазақстанда 532 дін қызметкеріне жалақы беріледі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шешімімен 2023 жылдан бастап ҚМДБ Орталық аппаратынан облыстық өкілдіктерде жұмыс істеп жүрген 532 дін қызметкеріне жалақы беріледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz, El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында дін қызметкерлеріне жалақы беруді кезең-кезеңімен шешетінін айтқан болатын.