Жаңалықтар

Қазақстанда 6 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды

Қазақстанда 6 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды

Елімізде 17 букмекер кеңсесі өз еркімен лицензиясын тапсырған. Сонымен қатар 2023 жылдың басынан 6 букмекер кеңсесі өз еркімен жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ҚР спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, ойын бизнесі субъектілерінің лицензиясын алу бойынша биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді. Оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматы залы қызметін тоқтатты. Қазір екі букмекер кеңсесінің лицензиясын алып қою үшін жұмыс істеліп жатыр. Сонымен қатар министрлік қазір ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатқанын хабарлады.