Қазақстанда АЭС-ті кім салады?
Министр Сәтқалиев көпті алаңдатқан сұраққа жауап беріпті
Күні кеше Мемлекет басшысы қабылдауында болған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңыздылығы түсіндірілген. Бүгіндері Алматыда жүрген министрге журналистер қауымы көпті алаңдатқан сұрақты тағы қойып көрді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кеше, 23 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Еліміздің энергетика саласындағы негізгі мәселелер тақысы барысында Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.
Есімхановтың сөзінше, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Францияның әлемдік өндірушілерімен танысып шыққан.
Ол АЭС құрылысы үшін консорциум құрылатынын да еске салды.