жұма, 25 қазан, 2024 18:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда алғашқы әскери даярлық оқу бағдарламасы қайта қаралмақ

Қазақстанда алғашқы әскери даярлық оқу бағдарламасы қайта қаралмақ
ашық дереккөзі
Қазақстанда алғашқы әскери даярлық оқу бағдарламасы қайта қаралмақ
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов алғашқы әскери даярлық сабағының мәртебесін көтеру іс-шаралары жайында айтып берді. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқыту жүктемесі ретінде 10-сыныпта аптасына 1 сағат, ал оқу жылында 34 сағат болып бекітілген. 11-сыныпта да осындай жүктеме ескерілген.   Практикалық дағдыларын дамыту мақсатында 10-сынып оқушылары үшін оқу жылының аяғында бес күндік далалық оқу-жаттығу өтеді.   «Қазіргі кезде алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын қайта қарастыру мәселесі пысықталып жатыр. Оның ішінде далалық оқу-жаттығуға қатысты іс-шараларды өзгерту де ескерілген», – деп жазды Е. Тоғжановтың депутаттық сауалға жауап бере отырып. Сонымен қатар алғашқы әскери даярлық кабинетін материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында Білім министрлігі бұйрығына өзгерту енгізілген. Осы орайда әскери даярлық кабинеттерін оқыту материалдарымен қамтамасыз ету ескерілген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар