Қазақстанда Александр Македонский бейнеленген күміс монеталар сатылымға шығады
29 шілдеден бастап Ұлттық банк Александр Македонскийге арналған жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм. Жоғары сапалы proof стандартымен дайындалған бұл нумизматикалық өнімнің номиналы – 1 000 теңге. Жалпы таралымы – 2 000 дана.
Александр Македонский — б.з.д. IV ғасырда өмір сүрген аты аңызға айналған қолбасшы. Ол небәрі 20 жасында билікке келіп, қысқа өмірінде орасан зор империя құрып үлгерген.