бейсенбі, 3 қазан, 2024 1:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда қан донорына төленетін өтемақы өседі

Қазақстанда қан донорына төленетін өтемақы өседі
ашық дереккөзі
Қазақстанда қан донорына төленетін өтемақы өседі
Денсаулық сақтау министрлігі қан донорларын ынталандыру мақсатында оларға төленетін өтемақы мөлшерін бірден бес есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізуді көздейтін құжат жобасында жазылған.   Қазіргі таңда қан донорларына берілуі тиіс тегін тамақтың ақшалай баламасы ретінде төленетін өтемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 0,25 бөлігін (2023 жылы – 862,5 теңге) құрайды. Енді бұл көрсеткішті бес есе, атап айтқанда айлық есептік көрсеткіштің 1,25 мөлшеріне дейін арттыру жоспарланып отыр. Сәйкесінше, бұйрық күшіне енгеннен кейін биылғы өтемақы сомасы 4312,5 теңгені құрайтын болады.   Бұл – биылғы көрсеткіш. Төлем сомасы әр жылы айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Дереккөз: Almaty.tv телеграм парақшасынан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар