сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 5:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда қандай несие автоматты түрде жойылады?

Қазақстанда қандай несие автоматты түрде жойылады?
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ел азаматтарына маңызды мәлімдеме жасады

Қаржы алаяқтығының деңгейін төмендету мақсатында Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді, оның аясында әр азамат өз атына кредит ресімдеуге тыйым сала алады. «Стоп кредит» қызметі egov.kz сайты арқылы және E-gov mobile қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Қаржы нарығын реттеу агенттігі азаматтарға несие алудан өз еркімен бас тарту мүмкіндігін ұсынады. Бұл үшін Egov веб-сайты мен мобильді қосымшасындағы арнайы "Стоп-кредит" қызметін пайдалану қажет.

Egov порталы арқылы:

1. Egov.kz сайтына кіріп, жеке кабинетіңізді ашыңыз.

2. "Қызметтер" бөлімінде "Банктік несиелерді, шағын несиелерді алудан ерікті түрде бас тарту" қызметін таңдаңыз.

3. Қажетті ақпаратты толтырып, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

4. Нәтижесін "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінен тексеріңіз.

Мобильді қосымша арқылы:

1. Egov мобильді қосымшасын іске қосыңыз.

2. "Қызметтер" мәзірінен "Салық және қаржы" бөлімін ашыңыз.

3. "Банктік несиелерді, шағын несиелерді алудан ерікті түрде бас тарту" қызметін таңдаңыз.

4. Деректерді толтырып, өтінішке электронды түрде қол қойыңыз.

Нәтижесі:

Өтініш берген соң, несие тарихыңызда "несие алудан бас тарту" туралы белгі пайда болады. Егер сіздің келісіміңізсіз несие рәсімделсе, қарыз автоматты түрде жойылады.

Бұл жүйе азаматтарды заңсыз несие рәсімдеу қаупінен қорғап, қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар