Жаңалықтар

Қазақстанда қанша зейнеткер бар?

Қазақстанда қанша зейнеткер бар?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға 549,3 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген. 2023 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленсе, оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 млрд теңге. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адам. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 089 теңге, базалық зейнетақы – 37 903 теңге.