Қазақстанда арақ саудасы екі есе артқан
Қазақстанда арақ саудасы екі есе артқан
Еліміздің нарығында арақ, коньяк және спирт саудасы қызып тұр. 2022 жылы елдегі дүкендерде 139,9 млн литрден астам арақ, коньяк және спирт сатылыпты. Energyprom.kz ресурсының сараптамасында осындай мәлімет берілген, деп хабарлайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Бұл – елдегі спирттік ішімдіктер нарығының статистикасындағы абсолютті рекорд. 2021 жылмен салыстырғанда ішкі нарықта спирттік ішімдік сату көлемі 90,4% өсті. Өсім негізінен арақ пен ликер-шарап өнімдерінің саудасы есебінен пайда болған – 44,2 миллион литрден 90,1 миллион литрге дейін артқан. Спирт саудасы да қызып, 29,3 миллион литрге жетті (плюс 68,1%). Ал коньяк нарығында 20,5 миллион литр өнім сатылған (73,5% өсім). Қызуы жоғары спирттен басқа ішімдік түрлеріне деген сұраныс мұншалықты жоғары болған жоқ. Шарап сату көлемі 26,9%, шампан сату 28%, сыра сату 1,9% азайған», - деп жазылған сараптамада. Мақалада мұндай өсімнің себебі де айтылған. «Қазақстанда алкогольге деген сұраныстың осыншалық артуын жалғыз жайтпен байланыстыруға болады. Елде қазақстандықтарға қарағанда әсіресе арақ пен коньякты айрықша көп көлемде тұтынатындардың саны күрт өскен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының дерегінше, ресейліктер қазақстандықтарға қарағанда екі есе көп ішімдік ішеді (жан басына шаққандағы көрсеткіш)», - деп жазады Energyprom.kz.