Қазақстанда қарасорадан қағаз өндіру жоспарлануда
Сондай-ақ Азат Сұлтанов қарасорадан қағаз жасау өндірісін Солтүстік Қазақстан облысында қолға алу қаралып жатқанын тілге тиек етті.
Елімізде қарасораны өндірістік мақсатта қолданбақ, қазір өндіріс мәселесін инвестор зерделеп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.inform.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.
Министрдің мәлімдеуінше, қарасорадан жасалған қағаз — жеке куәлік, төлқұжат, банк құжаттарына арналған экспорттық өнім болмақ.