Жаңалықтар
Қазақстанда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жұмысына шектеу қойылуы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 8 желтоқсан, 2022
- 255
Қазақстанда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жұмысына шектеу қойылуы мүмкін
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмысына шектеу қою мәселесі қаралатынын айтты, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Мысалы, бүгін де компанияға тиесілі өндірісте тағы бір жұмысшы қаза тапты.
Министр көз жұмған жұмысшының отбасына көңіл айтты.
Дереккөз: Халық үні сайтынанШынында да «Арселор Миттал Теміртаудың» жұмысы қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр. Қаза тапқан жұмысшының жақындарына ғана емес, бүкіл қазақстардықтарға ауыр, - деді Қайырбек Өскенбаев.Оның айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда әр министрліктегі 70-тен аса маман жұмыс істеп жатыр. «Оның қорытындысы жақында жарияланады. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшыларына қатал шешімдер қабылданайын деп жатыр. Негізі бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме, осындай сұрақ қойылып отыр», - деді министр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- 15 қаңтар, 2025