Жаңалықтар

Қазақстанда қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген азамат Бішкекте қолға түсті

Қазақстанда қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген азамат Бішкекте қолға түсті

  Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында бет-әлпетті танитын камералардың арқасында іздеуде жүрген Қазақстан азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Жамбылинфо қырғыз басылымдарына сілтеме жасай отырып.

Осы елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып Кабар агенттігі жазғандай, бейнебақылау жүйесі ол адамды қаржы пирамидасын құрғаны және басшылық жасағаны үшін іздеу салынған адам ретінде таныған. “2023 жылы желтоқсан айының соңында Бішкек қаласының бақылау камералары Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 217-бабы «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша іздеу жариялаған О.А. есімді Қазақстан азаматын анықтады. Бішкекте ұсталған Алматы қаласының тумасы қамауға алынды”,-деп хабарлаған Қырғыз Республикасының ішкі істер министрлігі. Айта кетейік, Қазақстанда екі танымал вайнер дәл осы қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін 5 жылға сотталған болатын.