жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталады
Фото: pexels.com
Бұл кезең аясында интервьюерлер елдегі барлық елді мекендерді аралап, шамамен 1,2 миллион үй шаруашылығын қамтуды жоспарлап отыр.

20 қыркүйектен бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Негізгі мақсат – аграрлық сектордың қазіргі жағдайы жөнінде жан-жақты әрі нақты мәліметтер жинау, әсіресе ауылдар, ауылдық округтер деңгейінде.

Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады, оның ішінде – мал мен құстың болуы, жерді пайдалану, бақша өсіру, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер қамтылған.

Бұл жұмысқа 2,5 мыңнан астам интервьюер тартылады. Олар көк түсті арнайы киім – жилет пен бейсболка киеді. Әрқайсының бейджінде жеке басын растауға арналған QR-код болады. Егер үй иелері сол сәтте үйде болмаса, интервьюер байланыс нөмірі көрсетілген хабарландыру қалдырады.

Ұлттық статистика бюросы барлық алынған ақпарат құпия түрде сақталатынын және тек жалпыланған статистикалық деректер түрінде пайдаланылатынын атап өтті. Азаматтар қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Бюроның байланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы хабарласа алады (жұмыс уақыты: 9:00–21:00, қоңырау шалу тегін).

Еске сала кетейік, ауыл шаруашылығы санағы 1 тамызда басталып, 20 қазанға дейін жалғасады. Жиналған мәліметтер аграрлық саланы дамытуға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болмақ.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар