дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін жария еткендерге жаза күшейтіледі

Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін жария еткендерге жаза күшейтіледі
ашық дереккөзі
Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін жария еткендерге жаза күшейтіледі
Бұл туралы салалық министрліктегі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, қазақстандықтардың жеке деректеріне қол сұққандарға айыппұл көлемі бірнеше есеге өседі.
Қазір жаза 10-500 айлық есептік көрсеткіш арасында екенін еске салайын. Бұл шара жеке деректердің ұрлану фактісін азайтады,- дейді Руслан Әбдіхалықов.
Маманның сөзінше, былтыр қолданушылардың жеке деректері туралы 11 млн жазба қолды болған. Жеке деректердің таралуына байланысты 8 бизнес субъектісі және 15 жеке тұлға жауапқа тартылыпты. Сондай-ақ, дербес деректерді өңдеу операторлары тарату фактілерін бірден меморгандарға хабарлауға міндеттелді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар