Жаңалықтар

Қазақстанда бала туу көрсеткіші 20 жыл бұрынғы деңгейге төмендеді

The final spritzer

DataHub сарапшыларының есептеуінше, 2024 жылы 1000 адамға шаққандағы жаңа туған сәбилердің үлесі 18,29 болды

Соңғы рет дәл осындай көрсеткіш 2004 жылы тіркелген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Зерттеуге сәйкес, туу көрсеткіші еліміздің барлық өңірінде төмендеп отыр. Әсіресе, Маңғыстау мен Атырау облыстарында, сондай-ақ ірі қалалар – Шымкент пен Астанада айтарлықтай азайған.

Ауылдық жерлерде бала туу деңгейі дәстүрлі түрде жоғары болғанымен, соңғы жылдары ол да төмендеу үстінде.

1 қаңтардағы дерек бойынша, Қазақстан халқының жалпы саны – 20 286 084 адам.