жексенбі, 24 қараша, 2024 1:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді - Министрлік

Қазақстанда балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді - Министрлік
ашық дереккөзі
Қазақстанда балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді - Министрлік
Елімізде балалардың 15,3% пайызы күн сайын интернетте жағымсыз контентпен бетпе-бет келеді. Статистикалық дерекке сүйенсек, балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді екен. Мұндай мәліметті Оқу-ағарту министрлігіндегілер ұсынды, деп хабарлайды Жамбылинфо. Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ЮНИСЕФ-пен бірлесе жүргізілген "Kazakhstan Kids Online" ауқымды зерттеуі негізінде Қазақстанда балалардың интернетті пайдалануымен байланысты елеулі сын-қатерлер анықталған. Зерттеудің негізгі қорытындысы цифрлық әлемде балалар үшін қауіптерді азайту және қолдау стратегияларын әзірлеуге бағытталған. Ведомство дерегінше, интернет бала өмірінің маңызды бір бөлігіне айналуда. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, балалардың 5% желіге алғаш рет төрт жаста, кей жағдайда тіпті одан да ерте жаста кіреді. Ал 9-10 жас аралығындағы балалардың 60% және 11-12 жас аралығындағы балалардың 66% әлеуметтік желілер мен ойын платформаларында өз аккаунттарына ие.
Ең алаңдатарлық тұжырымдардың бірі − балалардың 15,3%-ы күнделікті, апта сайын немесе кем дегенде айына бір рет интернетте жағымсыз контентпен бетпе-бет келеді. Ол балалардың 11,7% қатты күйзеліске ұшыраған. Бұл мәселе жас ұрпақ арасында киберқауіпсіздікті күшейтудің тез арада қолға алынуы керек екенін көрсетеді делінген министрлік мәліметінде.
Статистикалық деректерге сүйенсек, кибербуллингке куә болған балалардың басым бөлігі (52,1%) ол туралы ешкімге айтпауды жөн көреді. Ал ата-аналардың 17,6% ғана тыйым салынған контентті бұғаттау және зиянды материалдарды сүзгіден өткізу құралдарын пайдаланады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар