Қазақстанда балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді - Министрлік
Қазақстанда балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді - Министрлік
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ЮНИСЕФ-пен бірлесе жүргізілген "Kazakhstan Kids Online" ауқымды зерттеуі негізінде Қазақстанда балалардың интернетті пайдалануымен байланысты елеулі сын-қатерлер анықталған. Зерттеудің негізгі қорытындысы цифрлық әлемде балалар үшін қауіптерді азайту және қолдау стратегияларын әзірлеуге бағытталған. Ведомство дерегінше, интернет бала өмірінің маңызды бір бөлігіне айналуда. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, балалардың 5% желіге алғаш рет төрт жаста, кей жағдайда тіпті одан да ерте жаста кіреді. Ал 9-10 жас аралығындағы балалардың 60% және 11-12 жас аралығындағы балалардың 66% әлеуметтік желілер мен ойын платформаларында өз аккаунттарына ие.
Статистикалық деректерге сүйенсек, кибербуллингке куә болған балалардың басым бөлігі (52,1%) ол туралы ешкімге айтпауды жөн көреді. Ал ата-аналардың 17,6% ғана тыйым салынған контентті бұғаттау және зиянды материалдарды сүзгіден өткізу құралдарын пайдаланады.