Жаңалықтар

Қазақстанда баспана бағасы тағы да қымбаттады

The final spritzer

Елімізде жаңа тұрғын үйлердің бағасы өсуде.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір жыл ішінде баспана құны 4%-ға көтерілген. Әсіресе, Павлодар, Ақтөбе және Көкшетау қалаларында бағаның айтарлықтай өскені байқалады.

 Екінші нарықтағы үйлер мен жалдамалы пәтерлердің бағасы да тұрақсыз. Соған қарамастан, тұрғын үй нарығындағы белсенділік жоғары болып отыр. Өткен жылы елімізде 400 мыңға жуық жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімі жасалған.